Атырау қаласының әкімдігі 10 калькуляторды 3,9 млн теңгеге сатып алмақ болған

14.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Порталда жарияланған техникалық сипатта калькулятордың қандай болуы керектігі жөнінде ақпарат жоқ. Тек бухгалтерлік калькулятор екені көрсетілген. Ұтып алған мекеме 15 күн ішінде тауарды тапсырыс берушіге жеткізуі тиіс еді.

Дегенмен бұл тендер тоқтатылды. Тауардың бағасын жазған кезде мамандар қателік жіберген көрінеді. Бөлім қызметкері 8 сәуір жариялаған хабарландырудағы қатені бір күннен кейін байқап, тендерді кері қайтарып алған.

- Қазіргі уақытта жіберілген қателер түзетіліп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері бойынша жаңа хабарландыруды қайта жариялау жоспарланып отыр. Жалпы бөлім тарапынан 10 калькулятор сатып алуға 39 258 теңге қарастырылған,-деп мәлімдеді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Атырауда бекіре зауыты 147,4 млн теңгеге уылдырық сатып алмақ болғаны жөнінде жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью