Атырау шеберлері елордада үлкен қызығушылық тудырды

22.09.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

19–20 қыркүйекте Астанада Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен Atyrau Creative Days жәрмеңкесіне 10 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонақтары қатысты.

Екі күндік шараға өңірден 20-ға жуық шебер мен креатор келіп, зергерлік бұйымдар, сән және дизайн үлгілері, ұлттық қолөнер, авторлық бұйымдар мен заманауи шығармашылық өнімдерін ұсынды. Жалпы құны 15 млн теңгеге жуық өнім сатылды.

Алғашқы күні «Fashion Design» сән көрсетілімі ұйымдастырылып, атыраулық дизайнерлердің заманауи үлгілері ұсынылды. Сондай-ақ Атырау Жастар театры көрермендерге концерттік бағдарлама тарту етті.

Екінші күні Creative Talks кездесуі өтіп, креативті индустрия өкілдері тәжірибелері мен жаңа жобалары туралы бөлісті. «SARMAD» этно-фольклорлық ансамблі мен «JAIYQ CORP» өнер кеңістігі концерттік қойылымдарымен жәрмеңкені қорытындылады.

Жәрмеңке аясында сән, зергерлік өнер, ұлттық қолөнер және заманауи шығармашылық бағыттағы өнімдер көрмеге қойылып, елордалықтардың ерекше ықыласына бөленді.

Кеше, 14:01

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью