Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Республикалық маңызы бар автожолдарда жүргізушілерге арналған заманауи визуалды бағдарлау жүйесі іске қосылды.
Лазерлік арка жол жиегі мен қозғалыс бағытын айқындайтын жасыл немесе қызыл жарық сызықтарын жүргізушінің көру аймағына проекциялайды. Бұл түнде, тұман, жаңбыр немесе қар кезінде жолақ белгілері көрінбей қалған жағдайда бағыттан жаңылмауға көмектеседі.
Жүйе жүргізушінің назарын сақтап, ұйқышылдықты азайтуға ықпал етеді. Қазіргі таңда мұндай арка KAZ09 «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 480-шақырымында орнатылды.
«QazAvtoJol» компаниясының мамандарының айтуынша, бұл шешім жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған және Қазақстанның қауіпсіз жол инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болып табылады.
Бүгін, 15:27