Атырау және Батыс Қазақстан облысында жаңа жерасты су көздері пайда болады: министрліктің жоспары

19.03.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазақстанның бес өңірінде жерасты суының жаңа көздерін анықтау бойынша іздестіру-барлау жұмыстары жүргізіледі. Бейінді ведомствоның жоспарына жерасты су қорының ресурстық базасын кеңейтуге және елді мекендерді, ауыл шаруашылығын және экономиканың өзге де салаларын қосымша сумен қамтамасыз етуге бағытталған.еліміздің бірнеше өңіріндегі, соның ішінде Атырау облысындағы жобалар енгізілген.деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Ведомство мәліметі бойынша, 2027 жылға дейін Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Жетісу мен Ұлытау облыстарында жерасты суының жаңа көздерін анықтау бойынша кешенді іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. 

Сонымен қатар 2026 жылы жерасты су кен орындарын барлауға арналған 28 жаңа жоба әзірлеу жоспарланған. Оның ішінде 9 жоба Жамбыл облысында, 3 жоба Ақмола облысында, 4 жобадан Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында, Маңғыстау мен Атырау облыстарында екі жобадан және бір жобадан Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстары мен Ұлытау өңірінде жүзеге асырылады.

Жалпы Қазақстан аумағында ауызсу, техникалық жабдықтауға, суару және басқа да шаруашылық мақсаттарға арналған 4 803 жерасты су кен орны барланған. Мемлекеттік баланс деректеріне сәйкес, жерасты суының тәуліктік пайдалануға болатын қоры 43,2 млн текше метр. Алайда қазіргі таңда оның тек шамамен 1,5 млн текше метрі ғана пайдаланылып отыр, бұл жалпы көлемнің 3,6%-ы.

«Су ресурстарының тапшылығы артып, климаттық өзгерістер күшейіп жатқан жағдайда жерасты суының әлеуетін дамыту – тұрақты су пайдалануды қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі. Жерасты су қорының әлеуеті жоғары болғанымен, оның едәуір бөлігі әлі толық зерттелмеген. Осыған байланысты Су ресурстары және ирригация министрлігі жерасты суын кешенді пайдалану тұжырымдамасын әзірлеуді бастады»,  – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.

Барланған қор құрылымында 21,2 млн текше метр ауызсу мен тұрмыстық қажеттілікке, 2,4 млн текше метр өндірістік-техникалық мақсаттарға, 19,6 млн текше метр суармалы егіншілікке бағытталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда тазарту қондырғыларын жаңғырту барысы туралы хабарланған болатын. Бұл нысандарды 2026 жылдың соңына қарай толықтай пайдалануға беру жоспарланған.

Бүгін, 09:12

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью