Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
30 наурызда жарықтың өшуі нөсер жауын мен электр желілеріндегі оқшаулағыштардың ластануынан болған.
«Атырау Жарық» ЖШС-нің мәліметінше, 6–10 кВ әуе желілерінде қысқа тұйықталу орын алған. Себебі — оқшаулағыштарда жиналған шаң мен басқа да қалдықтар жауын суымен араласып, өткізгіш қабат түзген.
Соның салдарынан токтың жылыстауы басталып, беткі разрядтар мен электр доғасы пайда болған. Бұл желілердің апатты ажыратуларына әкелді.
Қазір әуе желілері бригадалары оқшаулағыштарды тазалап, олардың электрлік беріктігін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Компанияның хабарлауынша, апатты жоюға 10 жөндеу бригадасы мен арнайы техника жұмылдырылған, жұмыстар тәулік бойы атқарылуда.
Энергетиктер қала тұрғындарына жағдай бақылауда екенін жеткізді.
Айнұр САПАРОВА
Бүгін, 11:28