​Атырау жастарын ​”Жасыл ел” жұмысқа шақырады

19.05.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Сурет: "АЖ" архивінен

Атырауда ”Жасыл ел” жобасы аясында жастарды маусымдық жұмысқа қабылдау басталды. 

“Жасыл ел” жастар еңбек жасағының 2026 жылғы XХІI еңбек маусымына Атырау қаласы бойынша 16-35 жас аралығында жастарды жұмысқа қабылдау (абаттандыру, көгалдандыру бағыттары бойынша) басталды.

”Жасыл ел” ЖЕЖ 2026 жылы Атырау қаласының орталығына және 6 ауылдық округ аумағына жұмысқа қабылдайды. Сарбаздар өздерінің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша жұмысқа қабылданады.

”Жасыл ел” ЖЕЖ жастарды тек бір ай ғана жұмыспен қамтиды. (маусым айында жұмыс жасаған сарбаз шілде, тамыз айларына қабылдана алмайды).

Жұмысқа қабылдануға қажетті құжаттар:

Жеке куәлік (алдыңғы және артқы бөлігі);18 жасқа толмаса ата-анасының рұқсат қағазы.

Жалақының жалпы мөлшері 85 000 тг. Жалақыдан міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, жеке табыс салығы және әлеуметтік аударымдар ұсталады.

Жобаға өтінім беру үшін @ishkisaiasat_atyrau парақшасының БИО сілтемесіне өтіңіз

Қосымша ақпараттар және сұрақтар үшін байланыс номері: +7 775 913 1402 (Әйгерім)

Бүгін, 09:18

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью