Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фестивальдің басты ерекшеліктерінің бірі — спикерлермен ашық форматтағы кездесулер. Күні бойы түрлі сала мамандары мен қоғам өкілдері жастармен тәжірибе алмасып, өзекті тақырыптарды талқылап жатыр.
Алғашқы сессияда БҰҰ Балалар қоры (UNICEF) жастармен жұмыс координаторы Шарбану Нұрғазы және қоғам белсендісі, IT-кәсіпкер Алпамыс Жарилкасинов сөз сөйледі. Спикерлер волонтерліктің жаһандық деңгейде дамып, жастардың көшбасшылық қабілеті мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Фото: Атырау облысының әкімдігіКелесі кездесуде БҰҰ Еріктілер бағдарламасының ТМД елдері бойынша серіктестік маманы Нұрай Мамытова, «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Нұрғалиқызы және кинорежиссер, журналист Әлия Әшім қатысып, жастарға жергілікті және халықаралық деңгейдегі волонтерлікке қатысу мүмкіндіктері бар екені, оның тәжірибе жинау мен кәсіби дамуға жол ашатынын айтты.
Іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов алдағы уақытта да волонтерлік бастамаларды қолдап, ауқымын кеңейтуге күш салатынын айтты.
Фото: Атырау облысының әкімдігі— Бүгінде Атырау облысында волонтерлік қозғалыс жүйелі түрде дамып келеді. Өңірде мыңға жуық ерікті жас пен 150-ден астам күміс волонтер, 30 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 12-сі белсенді. Бұдан бөлек, 4 бастамашыл топ жұмыс жасап жатыр. Бұл жастардың қоғам өміріне белсенді араласып, әлеуметтік жауапкершілікті сезінетінін көрсетеді, — деді Д. Шамұратов.
Кешкі сессияға Ұлттық волонтерлік желісінің фронт-офис басшысы Айбек Досымбетов пен психофизиолог, нейропсихолог Абдрашит Түлкібайдың қатысты.
Фестиваль аясында халықаралық және жергілікті 15-ке жуық ұйым өз қызметін көрме форматында таныстырып жатыр. Қатысушылар экология, медицина, әлеуметтік көмек, төтенше жағдайлар және жануарларға қолдау көрсету бағыттарындағы жобалармен танысады.
Фото: Атырау облысының әкімдігіФестиваль кешкі сағат 22:00–ге дейін жалғасып, гала-концертпен қорытындыланады. Кештің хедлайнері — танымал орындаушы ARO.
Іс-шара Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жастар Рухы» жастар қанатының облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.
Фото: Атырау облысының әкімдігі