Атырауда 13 спорт залы мен бассейні бар кешен салынып жатыр

03.04.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңір үшін маңызды жобалардың бірі – олимпиадалық резервке арналған мектеп-интернаттың құрылысымен танысты.

Нысан «Ривьера» спорт кешенінің аумағында бой көтеріп жатыр. Бұл жоба Мемлекет басшысының өңірлерде олимпиадалық резервті даярлау жүйесін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асуда.

Кешеннің жалпы аумағы – 16 800 шаршы метр. Мұнда кітапхана, асхана, 13 спорт залы, 25 метрлік бассейн және ашық спорт алаңдары орналаспақ. 

Мекемеде 13 олимпиадалық спорт түрі бойынша 400 шәкірт білім алып, оның 300-і интернаттағы орынмен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған.

Құрылысты 2027 жылғы сәуірде аяқтау көзделген. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік форматында іске асырылуда.

Бүгін, 17:19

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью