Атырауда 1500 жас әскерге шақыртуды елемеген

11.02.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Олардың сөзінше, әскери есепте тұрған азаматтар көбіне SMS-хабарламаны және Электронды үкімет порталы арқылы жолданатын шақыртуға бейжай қарайды. Яғни, уақытында келмей жүріп қалады. Заңдылық бойынша азамат хабарлама алғаннан кейін үш күн ішінде жергілікті бөлімшеге келуге міндетті. Шақыртуға немкетті қарағандарды жинақтауға полиция қызметкерлері көмектескен. Нәтижесінде, өткен жылы өңірдің 1400 тұрғыны әскер қатарына қабылданған.

Әскерден жалтару фактісі тіркелмеді. Отан алдындағы борышты өтемеймін деп айыппұл арқалап, жауапкершілікке тартылғандар болмаған.

Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіндегілердің айтуынша, ер азаматтар көбіне мекен-жайы, жұмысы сынды маңызды ақпаратты жаңартпайды.

- Әскерге шақырту алған азаматтар көбіне уақытылы еGov-тағы жеке кабинеті арқылы мәртебесін жаңартып отыру керек. Яғни, шақырту алған тұрғын жоғары оқу орнында білім алып жатса оны растайтын құжатты базаға енгізу керек. Жергілікті әскери басқару органдарын хабардар ету маңызды. 3 күн ішінде оған әскерден қалдыру мәртебесі енгізіледі, - деді Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Жасұлан Сатыбалдиев.

Бұл ретте департамент қызметкерлері кез келген жанның әскерге бармауға нақты себебі болса, оны әскерден қалдыру туралы мәртебесін бекіту қажет екенін айтады. Әскерден кейінге қалдыру мәртебесі отбасылық, денсаулық жағдайына байланысты рәсімделеді.

Сондай-ақ тергеуде болған жағдайда азамат әскерге алынбайды.

Айта кетейік, биыл көктемгі шақыру науқанында Атыраудан 800-ге жуық жас әскерге барады. Қазір зерделеу жұмысы жүріп жатыр.

Осыған дейін әскери қызметшілер дрондарды құрастыру мен басқаруды үйреніп жатқаны жөнінде жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью