​Атырауда 17 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат әлеуметтік қолдаумен қамтылды

29.10.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

2025 жылғы 1 қазанға дейін Атырау облысында 17 150 мүгедектігі бар азамат әлеуметтік қызметтер порталы арқылы түрлі құралдармен және қызметтермен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда облыста барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдардың саны 27 мыңға жуық. Оның ішінде:

І топ – 2 880 адам ІІ топ – 9 954 адам ІІІ топ – 9 612 адам Мүгедектігі бар балалар – 4 862

Азаматтарға қолдау көрсету мақсатында өңірде облыстық Мүгедектерді сауықтыру орталығы және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын төрт мекеме жұмыс істейді. Биыл бұл орталықтарда 1 500-ге жуық адамға көмек көрсетілген.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылған көмектердің ішінде:

7 мыңға жуық адам – міндетті-гигиеналық құралдармен 5 мың адам – санаторий-курорттық еммен 2 мыңнан астам адам – протездік-ортопедиялық құралдармен 3 200-ден астам адам – тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдармен, жеке көмекшімен, жүріп-тұру және ымдау тілі қызметтерімен қамтылды

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасанов бұл шаралар мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы орта құруға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында облыста 130 инватакси қызметі көрсетілуде. Жыл басынан бері бұл қызмет арқылы 3 300 адамға 200 мыңнан астам тасымал ұйымдастырылған.

Бүгін, 13:39

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью