Атырауда 300 келіге жуық бекіре балығын заңсыз тасымалдағандар ұсталды

29.08.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Атырауда 277 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде Нұрсая ықшам ауданында күдік тудырған Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатқан.

"Тексеру барысында салмағы 277,4 келі бекіре тұқымдас балықтары табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, дейді полицейлер.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью