Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Жұмыс барысында болған оқиға салдарынан 59 адам ауыр дене жарақатын алып, 8 жұмысшы қайтыс болған. Анықталған деректердің 36-сы еңбек қауіпсіздігін дұрыс ұйымдастырмау мен жұмыс беруші тарапынан ішкі бақылаудың әлсіздігінен болған. Ал 18 жағдай керісінше, зардап шеккендердің қауіпсіздік талаптарын сақтамауына байланысты. Аталған фактілер бойынша 48 қылмыстық іс аяқталып, қалған 6 іс бойынша әлі де тергеу жүріп жатыр.
— Мұндай оқиғалар мұнай-газ және құрылыс саласында жұмыс істейтін мекемелерде жиі кездеседі. Үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Профилактикалық және жоспардан тыс тексеріс болады. Жазатайым оқиға анықталған кезде акт жасалып, міндетті түрде құқық қорғау органына жіберіледі, — деді Атырау облысы бойынша Еңбек инспекциясы департаментінің еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы Ислам Игамбердиев.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бүгінде 226 өндірістік нысан еңбек жағдайлары бойынша аттестациядан өткен. Қауіпсіздік талаптарына салғырт қараған 33 мекемеге 12 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сөйтіп, қолданыстағы кәсіпорындарды міндетті сақтандырумен қамту деңгейі 75,6 пайызды құрады. Ал өндірістегі жазатайым оқиғаларды жасырған 17 ұйым 3 миллион 342 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады.
Осыған дейін Түркістанда Жасыл аймақтың 550-ге жуық жұмысшысының жалақысы уақтылы төленбегенін жазған едік.