​Атырауда 8 жасар бала ойын алаңында ауыр жарақат алды

12.05.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Оқиға Б. Аманшин көшесі, 74/72 мекенжайындағы алаңда орын алған.

Ата-аналардың айтуынша, бала ойнап жүріп, турниктен құлап кеткен. Құлағаннан кейін бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның миы шайқалып, мұрны сынып, бет жарақаттарын алғанын анықтады. Қазір бала дәрігерлердің бақылауында.

Айналадағы тұрғындарының айтуынша, бұл алаң толық жабдықталмаған және оның қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар көп. Тұрғындар ойын алаңында қажетті қорғаныс шаралары жоқ, соған қарамастан балалар күн сайын сол жерде ойнап жүретінін айтады.

Олар мұндай жағдай тағы да қайталануы мүмкін деп қауіптенеді.

«Бүгін менің балам зардап шекті. Ал ертең мұндай жағдайға басқа бала ұшырамасына кім кепіл?» — делінген тұрғындардың үндеуінде.

Тұрғындар алаңның жағдайын тексеруді және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдауды сұрайды.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 09:34

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью