Атырауда 9 теміржол вокзалы жаңартылып жатыр

14.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жаңғырту жұмыстары Атырау қаласында, Мақат ауданы, Жамансор және Мұқыр елді мекендерінде жүріп жатыр. Ал Исатай мен Құрманғазы аудандары, Доссор, Аққыстау, Сағыз ауылдарында ескі ғимараттардың орнына жаңа вокзалдар салынып жатыр. Жаңарту жұмыстары аясында ғимараттардың қасбеттері жаңартылып, инженерлік және санитарлық желілер ауыстырылады, жаңа жарықтандыру және навигациялық жүйелер орнатылады.

Сондай-ақ кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Ғимараттарда пандустар, заманауи санитарлық тораптар, ана мен бала бөлмелері, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған демалыс аймақтары қарастырылған. Алдағы уақытта вокзалдарға көтергіш платформалар орнатып, қозғалысы шектеулі азаматтарға арналған қосымша инфрақұрылыммен жабдықтау жоспарланып отыр.

Фото: Атырау облысы әкімдігі

Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Данияр Гарифулланың айтуынша, Атырау теміржол вокзалы күніне 1300-ден астам жолаушыны қабылдайды.

– 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ облыс әкімдігімен бірлесіп өңірдегі 9 вокзалды жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Сағыз, Мақат, Доссор, Аққыстау, Исатай және Ганюшкино вокзалдарындағы жұмыстар аяқталады деп жоспарланған. Қалған нысандар екінші жартыжылдықта пайдалануға беріледі, – деді Д.Гарифулла.

Айта кетейік, теміржол вокзалдарының басым бөлімі 2004 жылы күрделі жөндеуден өткен.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью