Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Атырауда 2026 жылы әлеуметтік тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қала құрылыс бөлімінің мәліметінше, шамамен мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге қол жеткізеді.
Самал ықшамауданы – 6,7 гектар аумақта 16 тұрғын үйден тұратын кешен салынып жатыр. Қазірдің өзінде 6 үй (432 пәтер) аяқталған, ал инженерлік инфрақұрылым жұмыстары маусым айында бітуі тиіс.
Береке ықшамауданы – мұнда 72 пәтерлік үш үйдің құрылысы аяқталды. Инфрақұрылымдық жұмыстарды мамыр-маусым айларында аяқтау жоспарланған.
Баймұханов көшесі – бес қабатты 30 пәтерлік үй пайдалануға берілді, құжаттарды рәсімдеу жүріп жатыр. Жыл соңына дейін тағы 240 пәтерлік ірі үйді тапсыру көзделген.
Жалпы биыл қалада 11 тұрғын үй (918 пәтер) пайдалануға берілмек. Самал мен Береке ықшамаудандарындағы үйлер инфрақұрылым жұмыстары аяқталған соң бірден қоныстануға дайын болады.
Бүгін, 13:07