​Атырауда ақша бопсалаған күдікті қылмыс үстінде ұсталды

21.07.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Атырауда полицейлер ірі көлемдегі бопсалау дерегінің жолын кесті. Операцияны облыстық Полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізді.

Күдікке ілінген Индер ауданының 35 жастағы тұрғыны еді. Teргеу мәліметі бойынша, ол өзімен құрдас Атырау қаласының тұрғынынан 2,5 миллион теңге талап еткен.

Тінту кезінде ұсталған азаматтан соманың басым бөлігі — жәбірленушіден алып үлгерген 2,2 миллион теңгесі тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін істің басқа мәліметтері жария етілмейді.

Бүгін, 09:49

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью