​Атырауда әр төртінші автобус желіге шықпайды: әкімдік көлік мәселесін мойындады

20.03.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Атырау облысының әкімі орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен 2025 жылдың қорытындысы мен 2026 жылға арналған жоспарлар, сондай-ақ жолаушылар тасымалы мен көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылауға арналған жиын өтті. 

Жиналысқа облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, қалалық және аудан әкімдіктерінің орынбасарлары, сондай-ақ мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қ.Нұртаев халықтың өмір сапасы көбінесе қоғамдық көліктің дамуына байланысты екенін атап өтіп, сапалы, қолжетімді және қауіпсіз көлік қызметіне сұраныс күннен күнге артқанын жеткізді. Ол қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру мен тасымалдау сапасын жақсартуды өңірдегі басым бағыттардың бірі деп атады.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиев 2025 жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, қазіргі жағдайға шолу жасады. 

Атырауда 91 маршрут жұмыс істеп, жолаушылар тасымалымен 12 ұйым айналысады, оның 7-і Атырау қаласында қызмет көрсетеді. Қалаішілік бағыттар бойынша 38 маршрут бар. Жоспар бойынша бұған 302 автобус қажет болса, нақты жұмыс істеп тұрғаны – 226, яғни 76 автобус жетіспейді. Бұл көрсеткіш – 74,8%, белгіленген талаптан төмен. Нәтижесінде тұрғындар аялдамаларда ұзақ уақыт күтуге мәжбүр, бұл наразылық туғызады.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркебұлан Аққұсов 2026 жылы маршрут желісін кеңейту жоспарларын ұсынды. Соның аясында төрт жаңа бағыт ашу көзделген:

“Самал” шағынауданы – К7 тұрғын үй кешені – СМП-163Балықшы – “Жұлдыз” шағынауданыГеолог – АвангардДамбы ауылдық округі – Балықшы

Жиын соңында Қайрат Нұртаев жауапты мамандарға қоғамдық көліктің маршрут желісін жаңарту мен жетілдіруге ерекше көңіл бөлу, өзгерістерді талқылау үшін тұрғындармен кездесулер өткізу тапсырмасын берді. Бұл шаралар қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, халықтың пікірін есепке алуға мүмкіндік береді.

Бүгін, 18:13

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью