Атырауда әскери техниканың қозғалысына қатысты министрлік түсініктеме берді

30.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Желі қолданушылары Жылыой ауданында байқалған әскери техникаларға қатысты түрлі жазбалар жариялап, алаңдаушылық білдірген.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ресми түсініктеме беріп, алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді.

— Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің, соның ішінде теміржол көлігі арқылы орын ауыстыруы жауынгерлік даярлық іс-шаралары аясында жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта бөлімшелердің мобильділігін арттыру, өзара үйлесімділігін жетілдіру және белгіленген міндеттерді орындауға дайындығын арттыру, соның ішінде бірқатар маңызды нысандар мен аудандарды қорғау мәселелері пысықталуда, — деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Министрліктің берген ақпаратына сүйенсек, мұндай іс-шаралар Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлығының бір бөлігі болып саналады және бекітілген жоспарға сәйкес тұрақты түрде өткізіледі.

Бұған дейін Атырауда әскери қызметші қаза тапқанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью