Атырауда ауыл мектебінің директоры мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды

21.05.2026

Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 1990 жылы туған ер адам Ынтымақ ауылындағы Ә. Кекілбайұлы атындағы мектепте директордың міндетін атқарушы болған.

Индер аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашеваның айтуынша, ол Атырау қаласында ұсталған. Сот оған 15 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындап, көлік жүргізу құқығын уақытша шектеген.

Білім бөлімінде нақтылағандай, ол мектеп директорының міндетін атқарушы болып 2026 жылдың маусым айына дейін алты ай мерзімге тағайындалған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 12:24

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью