Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Атырауда жол бойында қауіпті маневр жасап, автокөлік ішінен әуеге отшашу атқандар жедел түрде анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлады облыстық полиция.
Жүргізушіге жол ережесін бұзып, қауіпті маневр жасап, апатты жағдай тудырғаны үшін және жолаушысының көлік терезесінен денесін шығарғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.
"Сонымен қатар аталған тұлғаларға қатысты ұсақ бұзақылық, елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану және түнгі тыныштықты бұзу деректері бойынша да әкімшілік шаралар қабылданды", - деп жазылған хабарламада.
Бұзақылық дерегі бойынша жүргізуші мен жолаушы әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.