Атырауда Батыс аймақтық волонтерлар слеті өтті

22.10.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Атырауда екі күнге созылған Батыс аймақтық волонтерлар слетіне 60-тан астам адам қатысты. Іс-шараға Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан 35 жастан жоғары тәжірибелі волонтерлер келген.

- Слеттің бірінші күні пленарлық сессия ұйымдастырылып, қатысушылар әлеуметтік жобаларды жазу және іске асыру бойынша тренингтерге қатысты. Екінші күні демалыс орнында тимбилдинг өткізіліп, волонтерлер тәжірибе бөлісіп, жаңа идеяларымен бөлісті, – деп хабарлады облыстық Ішкі саясат басқармасы «Азаматтық орталық» КММ басшысы Жанат Досқалиева.

Ақтау қаласынан келген волонтер Мир Жайлиев жиынның маңыздылығын атап өтті: 

— Волонтерлікпен 30 жасымнан бастап 12 жыл айналысып келемін. Мұндай іс-шаралар жаңа ақпарат алуға, тәжірибе бөлісуге мүмкіндік береді, – деді ол.

Қазіргі таңда Атырау облысында 50-ден астам волонтерлік ұйым тіркелген, олардың 14-і тұрақты және белсенді жұмыс істейді. Көпшілігі қайырымдылық пен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысады.

Бүгін, 14:46

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью