Атырауда бес күнде борышкерлерден 20 млн теңге айыппұл өндірілді

30.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Атырау облысында әкімшілік айыппұлын төлемей жүргендерді анықтау мақсатында бірлескен рейд өтті, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық әділет департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 24-28 қарашада бірлескен рейдке полиция, мемлекеттік кірістер департаменті және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасынан 35 қызметкер тартылған.

«Бірлескен рейдті өткізудегі мақсат – борышкерлерді анықтап, мемлекет пайдасына өндірілетін берешектерді тиісті деңгейде өндіру. Бес күнге созылған іс-шара кезінде 8 мыңға жуық әкімшілік айыппұл өндіру туралы атқарушылық құжат орындалды. Борышкерлерден 20 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді. Берешектен жалтарған 118 жүргізушінің автокөлігі айып тұрағына қойылды», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью