Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Атырау қаласында тек бір тәулік ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың шамамен 170 фактісі анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Құқықбұзушылықтарға қатысты заңға сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Тексеру шаралары жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Рейд барысында мынадай бұзушылықтар анықталды:
тіркеусіз көлік басқару – 6 дерек;техникалық ақауы бар немесе пайдалануға тыйым салынған көлік жүргізу – 13 дерек;телефонды көлік басқару кезінде пайдалану – 11 дерек;қауіпсіздік белдігін тақпау – 28 дерек;жаяу жүргіншіге жол бермеу – 7 дерек;міндетті сақтандыру талаптарын сақтамау – 18 дерек;апатты жағдай туғызу – 3 дерек;жүргізуші куәлігінен айырылған адамның көлік басқаруы – 1 дерек;жаяу жүргіншілер тарапынан ереже бұзу – 7 дерек.Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері әр жұма, сенбі және жексенбі күндері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Аптаның жұмыс күндерінде қала бойынша 35-40 автопатруль, ал демалыс күндері 45-50 автопатруль қоғамдық тәртіпті қадағалауға шығады.
Бүгін, 11:28