Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
«Авангард», «Лесхоз», «Огородный», «Вокзал маңы», «Алмагүл» сынды бірнеше ықшам аудандағы 76 үйдің ауласын абаттандыруға 3 мердігер мекеме жауапты. Әкімдік мамандары жыл сайын «жұмыс биыл аяқталады» деп сендіреді, алайда 2022-2023 жылы салынған жиектастар құлап, кейбірі сынып жатыр.
Фото: Нұрбибі Теміртасова / KazinformАула ішіне салынған жолдар да тесіле бастаған.
Фото: Нұрбибі Теміртасова / KazinformЖалпы, жоба бойынша үйлердің ауласы адам танымастай өзгеруі, тасжолдың беткі қабаты ауыстырылып, тротуар жаңартылып, ойын алаңдары салынуы, аулаларға жарық шамдары орнатылып, көлік қоятын орын аумағы ұлғаюы тиіс. Бұл жұмыс біраз аумақта істелген.
Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform- «Атырау Көлік» компаниясында 35, «Риголит» мекемесінде 28 аула болса, қалғанына үшінші мердігер Sheberbuild жауапты. Жалпы жұмыстың жобасы шикілікпен жасалған. Мысалы, ойын алаңдарына орнатылған құрылғылар жұмыс бітпей жатып, сынып жатты. Бұл сапасы төмен деген сөз. Сондықтан төзімді, сапасы жоғары құрылғылар қойып жатырмыз. Воркауттар бар. 2025 жылдың соңында үш мекеменің жобасы толық түзетілді, - деді қала әкімінің орынбасары Тілек Махуов.
Оның айтуынша, бұл жоба аясындағы барлық жұмысты күзге дейін аяқтау жоспарланып отыр. Алғашында жоба құны 6,7 миллиард теңге болған, бірақ түзетулер мен өзгерістен кейін құны өскен.
Фото: Нұрбибі Теміртасова / KazinformҚалалық әкімдік мәліметінше, кей аулалардың жобасы сараптамадан енді өткендіктен, өсім көлемі есептеліп жатыр.
Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform- Қаржыдан мәселе туындамайды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге ордер алынды. Мердігерлер жұмыстарын бастап жатыр. Салықтардың көлеміне, қымбатшылыққа байланысты жоба құны өзгерді, - деді қала әкімінің орынбасары Тілек Махуов.
Шенеуніктердің сөзінше, нысанды қабылдау кезінде барлық талап ескеріледі, сынған төсемтас немесе бордюр болған жағдайда мердігер тарапынан ауыстырылады.
Бұған дейін Атырауда кәріз желісін салуға арналған 23 жобаға 80 млрд теңге қажет екенін жазған едік.