Атырауда Цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды

26.02.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Облыс әкімінің өкімімен Марлен Қасенов Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып бекітілді.

Марлен Маратұлы Қасенов экономика және мемлекеттік басқару саласы бойынша бейінді білімге ие. Ол 2006 жылы Астанадағы сауда-экономикалық колледжін, 2010 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, 2017 жылы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын Президент Іс басқармасына қарасты ұйымдарда бастаған. Кейін Алматы қаласы әкімдігінде бас инспектор, бөлім басшысы, Президент Әкімшілігінде сарапшы қызметін атқарды. Сондай-ақ Астана қаласына қарасты Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Іле және Қарасай аудандары әкімдерінің орынбасары болды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаментін басқарды.

Соңғы жылдары Атырау облысы әкімінің аппаратында басшының орынбасары ретінде еңбек етіп, мемлекеттік басқару мен цифрлық бастамаларды іске асыруға белсенді атсалысты.

Бүгін, 14:12

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью