Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Тексеру барысында күдіктінің қаладағы бірнеше азық-түлік дүкендерінің кассаларынан әртүрлі көлемдегі ақшаны жасырын жымқырғаны анықталды.
Оның ішінде соңғы жасаған ұрлығында дүкен кассасынан 2,5 млн теңге көлеміндегі ақшаны колды еткені белгілі болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, кылмыстық іс сотқа жолданды.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Полиция ұрлық қылмыстарының алдын алу мақсатында азаматтар мен кәсіпкерлерді жеке мүліктің сақталуына жауапкершілікпен қарауға шақырады.