Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Бүгінде облыс диқаншылары 11,6 мың тонна көкөніс-бақша және мал азығын жинап алды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өнім 946 гектардан жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 9,3 пайызын құрайды.
Облыс бойынша биыл егістіктің жалпы көлемі 10150 гектарды құрады. Бұл көрсеткіш былтырғыдан көп. Оның ішінде 2500 гектарға көкөніс, 1150 гектарға бақша, 675 гектарға картоп және 5625 гектарға мал азығы дақылдары егілген еді.
202 гектар көкөніс алқабынан 5417 тонна өнім алынған. Сондай-ақ 150 гектар бақшадан 3283 тонна өнім, 594 гектар мал азығынан 2982 тонна өнім жиналды.
Облыстық ауыл шараушылығының бас маманы Азат Қапановтың мәлімдеуінше егін жинау науқаны жоспарлы түрде қызу жүріп жатыр.
Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі артып келеді. Биыл шаруа қожалықтары мен жеке секторларда 10100 гектарды құрады, бұл өткен жылға қарағанда 800 гектарға ұлғайғанын көрсетеді. Яғни, дала еңбеккерлері жаңбырлату технологиясына көшкен. Себебі бұл технология арқылы су едәуір үнемделеді.
Ал күзгі-көктемгі дала жұмыстарына 9 шаруа қожалығының өтініміне сәйкес 62,2 тонна жеңілдетілген дизель отыны берілген.
Жалпы егіс алқаптарында өнім жинау науқаны қызу жүріп, жалғасып жатыр. Ауа райының қолайлы сәттерін тиімді пайдаланған диқаншыларда бүгінде мігір жоқ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Сурет пен видеоны түсірген автор
Бүгін, 16:38