Атырауда Экология департаментінің қызметкері құмар ойынға әуестенгені үшін жұмыстан шығарылды

20.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

— Аталған мемлекеттік қызметкер заңда белгіленген тыйымға қарамастан, құмар ойындарға қатысқан. Қадағалау актісінің негізінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан босатылды, — деп хабарлады құзырлы органнан.

Сонымен қатар, Экология департаменті басшысының орынбасары және экологиялық бақылау бөлімінің 7 бас маманы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған (ӘҚБтК-тің 498- бабымен, құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар).
Прокуратура мемлекеттік органдардағы заңдылықтың сақталуы үнемі жүргізілетінін айқындайды.

Бұған дейін БҚО-да лудоманияға шалдыққан кәсіпорын бухгалтері 118 млн теңге жымқырғанын жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью