Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Атырау облысының Аққыстау ауылында темір жолда қайғылы оқиға орын алды. Ер адам пойыздың астына түсіп, сол жерде қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға туралы әлеуметтік желіде тарады. Қайғылы жағдай 13 тамыз сағат 01:30 шамасында болған.
Куәгерлердің айтуынша, болған оқиғадан кейін пойыз тоқтап, теміржол уақытша жабылды. Көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
"Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді көліктегі полиция департаментінде.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықталып жатыр.