Атырауда ерекше балаларға арналған жаңа жылдық шара ұйымдастырылды

22.12.2025

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырауда «TOPPLAY» отбасылық ойын-сауық орталығында халықтың әлеуметтік осал топтарынан және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті.

Мерекелік іс-шараға 180 оқушы қатысты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қалалық білім беру бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, Атырау қаласында 78 мың оқушы болса, олардың 400-ге жуығы үй жағдайында білім алады. Сонымен қатар қаламыздағы 20 мектепте инклюзивті сыныптар жасақталған. Олардың әрқайсысында 8 оқушыдан оқиды. Бұл шараға осы арнайы санаттағы оқушыларды көбірек қамтуға жұмыстанып, қалалық білім беру басқармасының жаңа жылдық іс-шаралар жоспарына енгізілді. Жоспар бойынша алда Атырау қаласы әкімінің шыршасы өтеді.

Іс-шара барысында балалар мен ата-аналар ертегі кейіпкерлерімен бірге би мен театрландырылған қойылымға қатысты. Кеш соңында балаларға сыйлықтар табысталды.


Бүгін, 16:22

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью