Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Атырау қаласында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды насихаттайтын заңсыз жазуларды жою бойынша кезекті рейд өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл шараны облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, пробация есебіндегі сотталғандар және «Жастар рухы» қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды.
Рейд барысында сайттарға сілтемелері бар граффити жазулар боялып, қоғамдық орындардың тазалығы қамтамасыз етілді. Іс-шараның басты мақсаты — есірткі заттарының таралуына жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және жастарды теріс ықпалдан қорғау.
Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын есірткіге қатысты кез келген күмәнді ақпаратты жасырмай, дереу хабарлауға шақырады. Мұндай жазуларды көрген жағдайда «102» нөміріне немесе сенім телефондарына хабарласуға болады:
98-21-55 — есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы +7 700 499 0102 — анонимді сенім телефоныБұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.
Бүгін, 13:09