Атырауда ғалымдар Каспийді сақтап қалу жолдарын талқылады

20.10.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы су айдынының ауданы 2000–2025 жылдар аралығында 16 384 шаршы шақырымға қысқарған. Атырауда өткен Climate Talks халықаралық панельдік пікірталасында Қазақстан мен Әзербайжан ғалымдары мен халықаралық сарапшылар теңізді сақтау мәселесін талқылады.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен Германияның Қазақстандағы Елшілігі бірлесіп ұйымдастырған жиында теңіз деңгейінің 1996 жылдан бері үздіксіз төмендеп келе жатқаны айтылды.

Жиынға қатысқан ғалымдар, экологтар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері Каспийдің экологиялық жағдайын сақтаудың ғылыми негізделген жолдарын сарапқа салды. Сарапшылар назарын аударған негізгі мәселелер:

Каспий деңгейінің тартылуы мен климаттық өзгерістердің әсері;

Су ресурстарын тиімді басқару және Жайық өзені мен Каспий экожүйесінің табиғи байланысын сақтау;

Сирек кездесетін Каспий итбалығы популяциясын қорғау;

Мұнай-газ саласындағы экологиялық жауапкершілік.

Кездесуде мамандар заманауи спутниктік мониторинг технологияларын кеңінен қолдануды, экологиялық деректердің ашықтығын қамтамасыз етуді және Каспий маңы мемлекеттерінің ғылыми ынтымақтастығын нығайтуды ұсынды.

Атырау мұнай және газ университеті өңірдің экологиялық қауіпсіздігі мен орнықты дамуына бағытталған ғылыми бастамалар мен халықаралық сарапшылық диалогты одан әрі қолдауды көздейді.

Бүгін, 18:55

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью