Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Атырауда 22 мамыр кешкісін Сұлтан Бейбарыс алаңында басталған "Шебер FEST-2026" халықаралық фестивалі кезінде бір топ жас төбелес шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Атырауда 22 мамыр кешкісін Сұлтан Бейбарыс алаңында басталған "Шебер FEST-2026" халықаралық фестивалі кезінде бір топ жас төбелес шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуға ұласқан жанжал Жайық өзенінің жағалауында болған.
Аталған дерек бойынша бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қазіргі уақытта кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысушылардың әрбір әрекетіне принципті құқықтық баға беріледі», – делінген хабарламада.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Атырау Облысы Полиция Департаментінің (@police.atyrau) жарияланымы
Полиция кез келген агрессия, зорлық-зомбылық және қоғамдық тәртіпті елемеу әрекеттеріне қатаң тосқауыл қойылатынын атап өтті. Жазаның бұлтартпастығы толық көлемде қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, арандатушылыққа ермеуге және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.