Атырауда хирург МӘМС аясында тегін жасалатын ота үшін науқастардан ақша алып, 8 млн тапқан

13.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 13 шілде - Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті алаяқтық және заңсыз материалдық сыйақы алу фактілері бойынша күдікке ілінген хирург-дәрігерге қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеу амалдарына сай, күдікті 2023–2025 жылдар аралығында "Family Health Clinic" ЖШС мен "Ким В" ЖК клиникасында жұмыс істей отырып, пациенттерден варикоз ауруына жасалатын операциялардың МӘМС шеңберінде тегін жүргізілетіні туралы ақпаратты жасырып, көрсетілген қызмет үшін төлемді өзінің банктік шоттарына қабылдап отырған.

"Сонымен қатар, "DamuMed" жүйесіне пациенттерге тегін медициналық көмек көрсетілгені туралы мәліметтер енгізіліп, соның негізінде медициналық ұйымдар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландыру алған.Осылайша, бір медициналық қызмет үшін төлем екі рет жүргізілген: бір жағынан МӘМС қаражаты есебінен, екінші жағынан пациенттердің қаражаты арқылы", - дейді агенттік.

Нәтижесінде күдікті 42 пациенттің 8 млн теңгеден астам қаражатын заңсыз иемденген. Ал көрсетілген медициналық қызметтер үшін медициналық ұйымдарға қор тарапынан 14,8 млн теңгеден астам қаражат аударылған.
Бұдан бөлек, оның қызметтік міндеттерін орындағаны үшін пациенттерден заңсыз ақшалай сыйақы алған фактілері де анықталған. Күдіктіге қатысты елден кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью