Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Атырауда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі ішінде күмәнді заты бар 11 пакет байланған дронды тауып алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің ақпаратынша, таңғы сағат 08:30 шамасында лейтенант Мирас Исқазиев №15 ҚАЖ мекемесінен бір шақырымдай жерде болған. Әскери қызметші жерде жатқан ұшқышсыз ұшу аппаратын байқаған. Оның жанында түйіншек жатқан.
Атыраудағы колония маңынан дрон табылды. Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Тексеру барысында түйіншек ішінен ерекше иісі бар, өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған 11 пакет табылды.
Атыраудағы колония маңынан дрон табылды. Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
"Әскери қызметші табылған зат туралы кезекші қызмет желісі бойынша дереу баяндады. Оқиға орнында қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданып, одан арғы іс-шаралар құзыретті органдарға тапсырылды", - делінген хабарламада.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу