Атырауда кейбір мекенжайда су беру уақытша тоқтатылады

28.10.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК су беру уақытша тоқтатылатынын хабарлады.

2025 жылғы 28 қазан күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін Самал-1 және Самал-2 шағынаудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға су беру уақытша тоқтатылады.

Бұл шектеу Н. Үлкенбаев және С. Нармағамбетова көшелерінің қиылысында орналасқан диаметрі 110 мм су құбырына ысырмаларды ауыстыру бойынша апатты-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуіне байланысты енгізіліп отыр.

Су беру уақытша тоқтатылатын нысандардың қатарында:

№41 Ә. Кекілбайұлы атындағы мектеп-гимназия (Самал ш/а, А. Кекілбайұлы көш., №15А);

№39 «Ақ көгершін» балабақшасы (Самал ш/а, А. Кекілбайұлы көш., №60);

«Самғау» балабақшасы (Самал ш/а, №23 көше, уч. №51).

«Атырау облысы Су Арнасы» мекемесі тұрғындардан көрсетілген уақыт аралығында суды алдын ала жинап алуды және түсіністікпен қарауды сұрайды.

Бүгін, 12:27

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью