​Атырауда Керемет паркі лаулап жанды

04.06.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоларды жариялап жатыр, қазір өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. 

Өрт сөндіру сәті түсірілген кадрлар әлеуметтік желі мен қалалық чаттарда тез тарап кетті.

Алдын ала ақпарат бойынша, өрт парктің аумағында орналасқан «Комната страха» аттракционынан шыққан болуы мүмкін. Алайда, бұл ақпараттың ресми растауы жарияланым шыққан сәтте түскен жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ хабарлағандай, Атырау қаласында, Авангард ықшамауданындағы Тілендиев көшесінің бойында орналасқан ойын паркінің аумағында ағаштан тұрғызылған үй мен карусель өртенген.

Алғашқы құтқарушылар жеткен кезде нысандардың толық өртенгені анықталды. Өрт қатты күш алып кеткен. Тез тұтанатын материалдардың көп болуына байланысты өрт тез тараған. 

Құтқарушылар тілсіз жаудың көршілес құрылыстарға көшуіне жол бермей, өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Бүгін, 09:15

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью