Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Атырауда Toyota Camry жүргізушісі Жайық жағалауындағы жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен.
Оқиға 13 мамыр күні сағат 22:30 шамасында Сұлтан Бейбарыс көпірінің маңында болды. Полиция мәліметінше, Toyota Camry автокөлігі жаяу жүргіншілерге арналған аймақпен қозғалған.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 1-бөлігі және 590-бабы 10-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Хабарламада көрсетілгендей, екінші заң бұзушылық көлікке орнатылған LED-жабдықтарға байланысты болып отыр.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Полиция қызметкерлері автокөліктердің жаяу жүргіншілер аймағы мен жағалауда қозғалуы қала тұрғындарына қауіп төндіретінін және жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін екенін ескертеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін 10 сәуірде жағалау маңында 38 жастағы ер адам көлігімен жаяу жүргіншілер тротуарымен жүріп өткен болатын.
Бүгін, 17:29