Атырауда көлік жүргізушілері төбелесті

24.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Атырауда көлік жүргізушілері төбелесіп қалды. Бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Оқиға 17 қараша сағат 09:50 шамасында М.Баймұханов көшесінде болған.

"Hyundai маркалы автокөліктің 24 жастағы жүргізушісі мен Toyota автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі арасында келіспеушілік туындаған. Салдарынан жас жүргізуші 38 жастағы ер адамның қолына жарақат келтірген", - дейді ведомство.

24 жастағы жүргізуші №2 қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобына жеткізілген.

Сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару және міндетті сақтандыру шартын жасамау бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью