Атырауда көпірдің маңайында Газель аударылып қалды

22.08.2026

Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Видеодан алынған стоп-кадр

20 тамыз күні сағат 15:40 шамасында Жилгородок ықшамауданы маңындағы көпірде жол-көлік оқиғасы болды. 

Атырау облысы полиция департаментінің берген мәліметі бойынша, Гумаров көшесімен келе жатқан жүргізуші Газель автокөлігінің басқару жүйесін игере алмай, жол жиегіне аударылып қалған. 

Көлік тізгінінде 1980 ж.т жүргізуші болғды. Ол оқиға салдарынан дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты жағдай тексеріліп, тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Кеше, 09:37

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью