Атырауда КҚГБ жұқтырған 14 жасар қыз жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

27.08.2026

Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

ПЦР анализі Конго-Қырым геморрагиялық безгегін (КҚГҚ) растаған Исатай ауданының турғыны А.А. облыстық инфекциялық ауруханада емін жалғастырып жатыр.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі «Ақ Жайыққа» хабарлағандай, 26 тамызда науқас жансақтау бөлімінен жай палатаға ауыстырылды. Оның жағдайы тұрақты.

Онымен бірге отбасының бір ересек мүшесі де бақылауда болған еді. Оның КҚГБ-ға тапсырған анализі теріс нәтиже көрсетті. 24 тамызда ол жағдайы қанағаттанарлық деп танылып, ауруханадан шығарылды.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 11:07

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью