​Атырауда мас күйінде мопед айдаған жүргізуші 7 жылға куәлігінен айырылды

20.04.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Видеодан скриншот

19 сәуір күні таңғы сағат 04:00 шамасында полиция патрулі қала көшелерінің бірінде мопедті тоқтатып, тексеріс жүргізді. Тексеру барысында жүргізушіден алкоголь иісі анықталған.

1983 жылы туған азамат медициналық сараптамаға жеткізіліп, оның орташа деңгейде мас күйінде болғаны дәлелденді.

Полиция мәліметінше, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ол 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Құқық қорғаушылар көлікті мас күйінде басқару ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі екенін атап өтті. 

«Мұндай әрекеттер жүргізушінің өзіне ғана емес, басқа жол қозғалысына қатысушыларға да үлкен қауіп төндіреді», – деді полиция өкілдері.

Бүгін, 14:05

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью