Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Атырау қаласының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік ағынын ретке келтіру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында маусым айының 8-і мен 13-і аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған шара барысында тәртіп сақшылары жол ережесін бұзу деректерін анықтау бойынша күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Осы рейдтік іс-шаралар кезінде қала көшелерінің бірінде полиция қызметкерлері күдік тудырған Hyundai маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеріс нәтижесінде көлікті тізгіндеген 64 жастағы азаматтың рөлге орта дәрежедегі алкогольдік мас күйінде отырғаны белгілі болды.
Құқық бұзушылық жасаған қарияға қатысты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық мас күйде басқару бабының талаптарына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, іс жинақталды.
Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына, әсіресе көлік тізгіндеген жүргізушілерге ескерту жасайды. Жолдағы қауіпсіздіктің ең басты кепілі — бекітілген ережелерді қатаң сақтау және өзге де қозғалыс қатысушыларының өміріне жауапкершілікпен қарау. Осыған орай, тәртіп сақшылары барша жүргізушілерді жолдарда барынша мұқият әрі абай болуға шақырады.
Кеше, 23:39