Атырауда мектеп оқушысы экологияға зиянсыз биопластик ойлап тапты

30.01.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жаңа өнім толықтай табиғи қоспалардан дайындалады және қоршаған ортаға қауіп төндірмейді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жас өнертапқыштың айтуынша, биопластик суға төзімді және топырақта бір айдың ішінде 80 пайызға дейін ыдырайды. Жобаны сынау мақсатында бірнеше тәжірибелік үлгі әзірленген.

– Бұл биопластиктің қарапайым пластиктен айырмашылығы көп. Алдағы уақытта оны әрі қарай дамытып, пакет жасауға ниеттімін. Әсіресе, тамақ жеткізу қызметі мен дүкендерге арналған қаптама ретінде қолдануға болады, – дейді Инабат Шабахова.

Сала мамандарының мәліметінше, қолданыстағы пластик өртенген кезде улы заттар бөледі және табиғатта жүздеген жыл бойы жойылмайды. Сонымен қатар ғалымдар пластиктің адам денсаулығына кері әсер етіп, түрлі аурулардың туындауына себеп болатынын дәлелдеп отыр.

– Мектепте жыл сайын ғылыми жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Оқушылар жетекші ұстазымен бірге өз жобаларын жүзеге асырады. Инабатпен былтырдан бері жұмыс істеп келеміз. Алдағы уақытта жобаны жарыстарда қорғап, дамытуды жоспарлап отырмыз, – деді биология пәнінің мұғалімі Лазифа Қайратхан.

Айта кетейік, жас зерттеуші былтыр «Дарын» орталығы ұйымдастырған облыстық желілік турдан өтіп, республикалық кезеңге жолдама алған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью