Атырауда мердігер компаниядан ақша бопсалаған күдікті ұсталды

10.11.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Атырау облысында полицейлер өңірде жол салумен айналысатын мердігер компания өкілінен ақша бопсалау фактісінің жолын кесті.

29 қазанда жол компаниясының қызметкері полицияға жүгінген. Оның айтуынша, өзін блогер және «қоғамдық белсендімін» деп таныстырған белгісіз ер адам одан 30 миллион талап еткен. Егер ақша бермесе, компанияның беделіне нұқсан келтіретін видеолар мен материалдарды әлеуметтік желіге жариялаймын деп қорқытқан.

Полиция жедел іздестіру кезінде күдіктіні анықтап, ұстады. 1982 жылы туған ер адам полиция органдарына жеткізіліп, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі 2-тармағы («Ірі мөлшерде жасалған қорқытып алу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тергеу жалғасуда. Істің барысы Атырау облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 11:38

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью