Атырауда мереке күні 80 ге жуық бала ата анасынан көз жазып қалған

23.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АЛМАТЫ, 23 наурыз - Sputnik. Атырауда Наурыз мерекесін тойлау кезінде ата-анасынан көз жазып қалған 80-ге жуық бала дін аман табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Атырау қаласында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара кезінде Исатай-Махамбет алаңында 78 бала ата-анасынан көз жазып қалған.

"Олардың барлығы жедел түрде табылып, заңды өкілдеріне қауышты. Олардың басым бөлігі бір сағатқа жетпей анықталды. Тек бір жасөспірімді полицейлер 3 сағатқа жуық іздеді", - дейді полиция.

Көпшілік шара барысында ата-анасынан көз жазып қалған 7 жастағы жасөспірім бейнекамералар арқылы анықталды. Бүлдіршін анасын таппаған соң, бірден оның жұмыс орнына баруға шешім қабылдаған.

Балақайды камера арқылы анықтаған инспекторлар анасына әкеп қауыштырды.

Осындай оқиғаларға байланысты полиция департаменті ата-аналарға адамдар көп жиналатын орындарда балаларға мұқият болуды, оларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью