​Атырауда Молдағұлова көшесін жөндеуді 30 қазанға дейін аяқтау жоспарланып отыр

22.09.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Видеодан алынған стоп-кадр

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов А. Молдағұлова мен М. Өтемісов көшелерін жөндеу барысын тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша ол Өтемісов көшесіндегі жұмыстарды қыркүйектің соңына дейін аяқтауды және бекітілген кестені сақтауды тапсырды. 

Мұнда Ж. Досмұхамбетов көшесінен С. Датов көшесіне дейінгі ұзындығы 2,1 шақырымды құрайтын учаске жөнделуде. Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Алмас Сәрсеновтің айтуынша, асфальттың бірінші қабаты төселіп қойған. Келесі кезең — жабынның екінші қабатын төсеу. Нысанда 10 адам және үш техника бірлігі жұмыс істеп жатыр. 

Бұрынғы Советская, қазіргі А. Молдағұлова көшесінде әкім техниканың жоқтығын және жұмыс қарқынының жеткіліксіздігін атап өтті. Мердігерге жөндеуді жылдамдату тапсырылды. 

Бұл көшені орташа жөндеу 2025 жылдың сәуір айынан бері жүргізіліп келеді. «Достық Спец Транс» ЖШС «Ерік Мостовой» кәріз көпірінен Г. Берғалиев көшесіне дейінгі жалпы ұзындығы 2,42 шақырым учаскені жөндеуде.

Мердігер өкілі Жақсыбек Қалниязовтың хабарлауынша, жолдың 1,6 шақырымы жөнделді. Қалған 820 метрде арық науалары мен бордюрлерді орнату аяқталуда. Әрі қарай тротуарларды жасау және асфальтбетон жабынының екі қабатын төсеу көзделген. 

Мердігер Молдағұлова көшесіндегі жұмыстарды 2026 жылдың 30 қазанына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Кеше, 15:14

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью