Атырауда мопед жүргізушілеріне тексеріс жүргізіледі

30.04.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Атырауда 1–3 мамыр аралығында «Мопед» атты жедел‑профилактикалық іс-шара өтеді. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, рейдтің басты мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мопед жүргізушілері арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларының санын азайту.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары жүргізушілердің жол ережесін сақтауына, көліктің техникалық жағдайына және қажетті құжаттардың болуына ерекше назар аударады.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды ережелерді қатаң сақтап, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Бүгін, 14:40

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью