Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Атырау облыстық офтальмологиялық ауруханасында биыл нәрестелердің көз ретинопатиясын емдеуге басымдық берілуде.
Жылдың алғашқы тоқсанында балалар бөлімінде 2116 балаға медициналық көмек көрсетіліп, екі ота сәтті жасалды. Шала туған нәрестелерде жиі кездесетін көз ретинопатиясын дер кезінде анықтау үшін ерекше бақылау жүргізіліп, 36 сәбиге шұғыл ота жасалды.
Былтыр қауіп тобындағы 260 сәби толықтай тексеруден өткен, олардың 38-інде ретинопатия диагнозы расталған. Ал биыл анықталған 38 баланың 36-сына алғашқы 48 сағат ішінде ота жасалып, қажетті көмек көрсетілді.
Дәрігерлер соңғы жылдары балалар арасында көз ауруларының жиілегенін айтады. Балалар офтальмологы Алия Есенгельдина кең таралған ауруларға миопия, астигматизм, гиперметропия, конъюнктивит, халязион, көз жарақаттары мен күйіктері, туа біткен ақаулар, дакриоцистит, диабеттік ангиопатия, қылилық және қатерсіз ісіктерді жатқызды.
Маманның айтуынша, көз саулығына бейжай қарауға болмайды. Шағым болмаса да профилактикалық тексерулерден өтіп тұру қажет. Әсіресе компьютермен ұзақ жұмыс істейтіндер әр сағат сайын үзіліс жасап, көзді демалдыруы тиіс. Ал балаларға ұялы телефон, планшет және теледидарды шамадан тыс пайдалануға шектеу қойған жөн.
Бүгін, 21:03