Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов киіз үйлерді аралап, тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Алаңда қазақтың ұлттық әуендері шырқалып, мерекенің көрігі дәстүрлі ойындармен қыза түсті.
Фото: Атырау облысы әкімдігіМейрам «Қош келдің, әз Наурыз» атты театрландырылған қойылыммен басталып, көрермендерді айрықша бейнелермен және жарқын көріністерімен таңғалдырған әсерлі мюзикл-шоумен жалғасты.
Фото: Атырау облысы әкімдігіТұрғындарға тілегін білдірген аймақ басшысы Серік Шәпкенов өз сөзінде ұлттық мерекенің мән-маңызын атап өтті.
Фото: Атырау облысы әкімдігі Фото: Атырау облысы әкімдігі– Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың ғана емес, бірлік пен татулықтың мерекесі. Қазақ халқы оны ежелден молшылық пен келісімнің бастауы ретінде қадір тұтқан. Бұл күні айтылған ақжарма тілектер қабыл болып, дархан даламызға құт қонып, ырыс ұя саларына шәк келтірмеген. Бұл наным-сенім ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймын, - деді ол.
Мерекеге ұлттық ойындар да айрықша ажар берді. Мықтылар мен ептілер қазақша күрес, қой көтеру, бұқатартыс, алыптар айқасы, асық ату сынды жарыстарда бақ сынап, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Фото: Атырау облысы әкімдігіАлаңдағы той қазақстандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. Көпшілік «Алатау серілері» ансамблінің әніне билеген 500 жастың өнерін ерекше ықыласпен қабылдады. Мерекенің бас қонағы Әділет Жауғашар шырқаған әндер де көрерменнің зор қошеметіне ие болды.